$ 494.87  520.65  4.91

Танымал неміс саясаткері шіркеу өкілдерін гейлермен ауыз жаласқан деп айыптап, өзі ислам дінін қабылдады

«Германияға балама» ультраоңшыл партиясының өкілі Артур Вагнер ислам дінін қабылдағанын мәлімдеді. Ол христиандардың гейлермен ауыз жаласып кеткеніне шошып, осындай қадамға баруға мәжбүр болғанын айтып отыр деп жазады Bild басылымы.

Ол біржынысты некені ешқашан қолдамағанын да айтты. «Пасторлар жыл сайын өтетін Christopher Street Day шеруіне (Германия мен Швейцарияда жыл сайын өтетін гей-парад) қатысады және кішкентай балаларды да апарады. Бұл барып тұрған азғындық!» — дейді танымал саясаткер.

Ол сондай-ақ, партиядан кетпейтінін, тек басшылық лауазымнан бас тартатынын айтты. Ал, Вагнердің әріптесі Кей Бергер болса әріптесінің мұндай әрекетіне таң қалғанын жасырмады. «Біз бәріміз оның партиядан қашан кететінін күтіп отырмыз. Өкінішке қарай, біздің кодекс оны партия қатарынан шығарып жібере алмайды, ол өз арызымен кетуі тиіс», — дейді ол.

Вагнер исламды өткен жылдың қазан айында қабылдаған екен. Алайда, діни көзқарасы жайында енді ғана мәлімдеп отыр. Оның әріптестері мен достары осыған дейін Германияның исламдануына қарсы күрес жүргізіп келген болатын. Енді саясаткердің бұл әрекетіне аң-таң.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары