$ 494.87  520.65  4.91

Түнгі клубта сексуалды зорлық көрсеткен жігітке қарсылық танытқаны үшін қыздың басын бөтелкемен жарған (ФОТО)

19 жастағы Софи Йоханссонға Швецияның Мальмё қаласындағы түнгі клубтардың бірінде шабуыл жасалған. Би алаңында сексуалды зорлық-зомбылық көрсетпек болған жігіт қыздың қарсылығына ашуланып, оның басын бөтелкемен жарып тастаған деп жазады life.ru.

Софи Йоханссон билеп тұрғанда екі аяғының арасынан бейтаныс жігіттің сипаған саусақтарын сезеді. Дереу оның қолын қағып жібереді. Артынша әлгі азамат қолындағы шыны бөтелкемен оның басын жарады.

«Алғашында бетімдегі қанды бөтелкенің ішінен аққан сұйықтық шығар деп мән бермедім. Жанымдағы досым оның қан екенін айтқанда шошып кеттім», – дейді жәбірленуші.

Софи Йоханссон бірден ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер қыздың жарасын танып, дереу қанын тоқтатқан. Швед полицейлері болса, істі тоқтатып отыр. Оған себеп: түнгі клубтан бір де бір куәгердің табылмауы. Десе де, кім де кім келіп Софиға қол көтерген жігіттің түрін түстеп берсе, олар тергеуді қайта жалғастыратынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары