$ 494.87  520.65  4.91

Мөлдір Әуелбековаға тыңдарманы онымен бірге ән шырқауы үшін 75 мың теңге төлегенін айтты (ФОТО)

Мөлдір Әуелбековаға тыңдарманы қызының әншімен дуэт айтуы үшін «Qazaqstan» телеарнасына 75 мың теңге төлегенін айтты. Бір қызығы әншінің бұл жағдайдан мүлде хабары болмай шықты.

«Сәлеметсіз бе, Мөлдір. Маған «Qazaqstan» телеарнасына эфирге әншілермен балалар бірлесіп дуэт айтады деген ұсыныс келді. Алайда, «қатысу үшін 75 мың теңге төлейсіз» деді. Біз төледік. Енді эфир 5-і күні болады деген, сіздің денсаулығыңызға байланысты 15-не ауыстырыпты.  Сіз бұдан хабардарсыз ба? Әлде алаяқтарға тап болдық па? Қызым сізбен ән айтамын деп қуанып жүр», –  деп тыңдарманы әншіден бұл сұрағының жауапсыз қалмауын өтінді.

Ал, Әуелбекова бұл жайттан мүлдем хабарсыз болып шықты.  

«Сәлеметсіз бе. Менің қатысым жоқ. Бірінші рет естіп тұрмын. Мен дуэт үшін ақша алмаймын. Балалардан тіпті де»,  – деп жауап жазды әнші.

Мөлдір Әуелбекова өзінің Instagram-парақшасындағы жазбасында «Qazaqstan телеарнасы» басшылығынан бұл істі жіті қадағалауын сұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары