$ 498.34  519.72  4.85

Астанада бойжеткен қызды автобус қағып кетті

Астанада бойжеткенді автобус қағып кетті, деп хабарлады "Астана LRT" көлік компаниясының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Ұйымның айтуынша, 2 ақпан күні сағат 20:10 кезінде автобус арнайы бөлінген жолақта 30 км/сағ жылдамдықпен келе жатады. Мәңгілік ел мен Алматы көшелерінің қиылысында бағдаршамның қызыл жарығына жүгіріп өтіп бара жатқан қызды қағып кетіпті.

Зардап шеккен жиырма екі жастағы бойжеткен №2 қалалық ауруханасына жеткізілдді. Бастапқы мәлімет бойынша, жабық бас сүйек-ми жарақатын алып, миы шайқалған, жамбасы сынған болуы мүмкін.

Астана әкімшілік полициясы басқармасының қызметкерлері оқиғаны зерттеп хаттама толтырды, тергеу жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары