$ 446.49  475.38  4.79

Алматы облысында 10 жасар тастанды қыз бүгінге дейін мектепке бара алмаған

19 жасар Альбина күйеуге шықпастан бала тауып, туған перзентін көршісіне тастап кеткен. Сол көршісі бүгінде 10 жасар Аружанға ана болып отыр. Аружанды асырап алған Ұлжан Орынбаева тұрмыста. Алайда перзент сүю бақыты бұл әйелге бұйырмаған.

Бұл туралы “Qazaqstan” арнасының “Қарекет” бағдарламасында айтылды.

Жастай ана атанған көршісі осыны ескерсе керек-ті, ол босана салысымен қызы Аружанды сенімді адамдарға “табыстаған”.

“Ол қыз (авт.Альбина) біздің көршіміз болып тұрған. Мен оны негізі көрмегем. Перзентханаға кетерінің алдында бір күн бұрын көрдім. Шығып келген соң “үйіміз салқын, сіздердің үйіңізге қонуға болады ма” деді, жақсы деп кіргіздім. Қонып, ертесіне жоқ болды. Менің балам болмағандықтан, алдын ала елден сұрап алған деп ойлаймын”, – дейді Ұлжан Орынбаева.

10 жасар Аружан туған анасының кім екенін білмейді, тіпті күтпейді де. Ол өзін бағып-қаққан әйелді туған анасы деп ойлайды. Аружан 2008 жылдың 19 ақпанында Алматы қаласы, Қарасай аудандық орталық ауруханасында дүниеге келген. Асыраушы анасы Ұлжанның қолында қазір тек дүниеге келгені жайлы анықтама бар. Ал дүниеге әкелген анасы Қарақалпақстанның азаматшасы екен.

10 жасар қыз әлі күнге дейін мектепке бармаған. Туу туралы куәлігі де жоқ. Асырап алған анасы құжат жасату үшін арнайы мекемеге барғанын айтады. Ондағылар туған анасын тапқаныңыз жөн деп кеңес беріпті.

“Ташкентке бардым, анасын іздестірдім. Қарақалпақстанда полицияда істейтін балалар тауып, үйіне іздеп барды. Табуындай тапты, бірақ 3-4 жылдан бері ол жоқ деді. Анасы болмаса жасай алмайсыз деді”, – деп еске алады әйел.

Бұдан кейін Ұлжан Орынбаева ешқандай қарекет жасамапты. Ал азабын 10 жасар Аружан тартып отыр.

Дереккөз: Stan.kz.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары