$ 448.56  478.03  4.79

Темекі тұтатқалы жатып, ұсталып қалған балақайдың қылығы желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Әжетханада тығылып, темекі тұтатпақ болған балақайдың қылығы желі қолданушыларын таң қалдырды.

2-3 жас шамасындағы бала үлкендердің көзінен жырақтап, әжетханада тығылып, қораптан темекі алады. Есік артында баланың бұл әрекетін бақылап, оны видеоға түсіріп тұрған ер кісі темекіні тұтата бергенде оған айқайлай жөнеледі.

Желі қолданушыларының көбі кішкентайдың қылығына еріксіз езу тартқанымен баланың болашағына алаңдап қалды.

«Бала көргенін істейді ғой», «Ой, мына балақай менің бүгінгі күнімді жасап тастады», – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#бала #темекі