$ 444.22  476.38  4.82

"Ұл тусыншы". Сәкен Майғазиев келіншегінің төртінші сәбилеріне жүкті екенін айтты

Екінші және үшінші перзентін Жаратқаннан тілеп алған әнші қырықтың қырқасына шықса да, тағы бір мәрте әке атанудан үмітті екенін жеткізген-ді деп жазады Stan.kz.

Оған қоса, Сәкен желідегі оқырмандарынан: “Менің келіншегім тағы да ұл тапсын деп тілеңіздерші”, – деп сұранған болатын. Көптің тілеуі қабыл болған ұқсайды. Әншінің жары Динара Асылханқызы төртінші перзентіне жүкті болып шықты. Бұл туралы Майғазиев Hit-TV арнасына берген сұхбатында айтқан.

“Алла бұйыртып, батылдық танытып, бағдарламаны пайдаланып Сәкен ағамыздың үйіндегі Динара жеңгеміздің 4-ші перзентке аяғы ауыр екенін бірінші боп халықтан сүйінші сұрау мәртебесі маған бұйырғанына өте қуаныштымын!” – деп бөлісті бағдарлама жүргізуішісі Нұржан Аташ.

Айта кетейік, Сәкен Майғазиевтің Әділет, Райана және Мәриям есімді үш перзенті бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары