$ 443.85  474.3  4.8

Алматы облысында шіркеу өртеніп кетті

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы шіркеу өртке оранды. Қызыл жалынмен өрт сөндірушілер үш сағатқа жуық арпалысты деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаевтың айтуынша, кезекші бөлімге өрт жайлы ақпарат сағат 14:46 минут кеткенде түскен. Ал 17:25 минутта өрт ауыздықталған. Қазір оқиға орнында өрт сөндіретін арнайы үш техника мен 9 қызметкер жұмыс істеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары