$ 444.22  476.38  4.82

Лионель Месси 2 айдан соң дүниеге келетін сәбиіне ат қойды

Испаниялық "Барселона" мен Аргенина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси үшінші сәбиінің есімі Чиро болатынын айтты, – деп хабарлайды "Р-Спорт" агенттігі. 

Месси сейсенбіде Instagram Stories-те жүктіліктің жетінші айында жүрген жары Антонелла Роккуццоның суретін жариялады. Ол суреттің астына "Чиро балақай" деп жазды. 

Айта кетейік, Месси мен Рокуццоның Тьяго атты  бірінші ұлы 2012 жылы қарашада дүниеге келді. Ал, 2015-тің қыркүйегінде тағы да ұлды болды. Есімі – Матео.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Месси #ұл