$ 498.34  519.72  4.85

Полицейлер жолда жатқан ойыншық жолбарыстан қорқып, көліктерінен түсе алмады (ФОТО)

Сиыр қорасында жыртқыш жануарды көрген 24 жастағы Брюс Грубб атты малшы дереу полицейлерді шақырған. Шақыртуға қарулы полицейлер бірден келіп жеткен. Дегенмен олар жолбарысты көріп, көліктерінен шықпай қойған деп жазады The Sun.

Оқиға Шотландияның Абердинши́р аймағында болған.  Біраз уақыттан кейін малшының өзі жолбарыстың ештеңеге елеңдемейтінін байқайды да, оған көлігімен жақын келеді. Осыдан кейін ғана полицейлер мен малшы өздерін сонша үрейлендірген жолбарыстың жұмсақ ойыншық екеніне көзі жеткен. 

"Сиыр қораға кіргенімде оның шын жолбарыс екеніне күмәнім болмаған. Шошып кеттім, оның үстіне полиция келгенше ол сиырларымды жарып тастайды деп қорықтым", – дейді Брюс Грубб.

Малшы бұл аймаққа үш апта бұрын көшіп келіп, соның құрметіне кішігірім той жасаған. Ойыншықты мас қонақтарының бірі қалжыңдап қойып кеткен болу керек. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары