Қарағанды білім бөлімінің қызметкерлері Қарағандыдағы №23 мектептің жетінші сынып оқушысы кездейсоқ қайтыс болды деп отыр. Ол арқанмен селфи жасамақ болған, деп жазады Today.kz.
"Ол өзіне қол жұмсағысы келмеген, хабарлама арқылы анықтадық. Қыздың қалтасынан қайшы табылды, қолында телефон болған, кейін арқаннан босағысы келіп бұлқынғанда телефоны түсіп қалған", - деді "Қарағанды білім бөлімі" өкілі. Жетінші сынып оқушысына арқанмен селфи жасап, кейін қайшымен дереу қиюды осы мектептің сегізінші сынып оқушысы айтқан. Олар бір-біріне үздіксіз жалғыздық, түсініспеушілік және суицид жайлы хабарлама жазып отырған. "Сегізінші сынып оқушысы оны суицид жасауға үгіттемеген. Интернетте жасөспірімдерді өлімге итермелейтін ешқандай желілік топтар жоқ. Екі жасөспірім - қыз бен бала бір-біріне хабарлама жазған. Ол қызға селфи жайлы жазып, өзінің де солай жасағанын айтқан. Қыз болса, соған сеніп, өзі де істеп көрген", - деді білім бөлімі өкілі. Жетінші сынып оқушысы пәтерде әкесі мен ортаншы ағасы жоқта осы нәрсені байқап көргісі келген. Бұл уақытта әкесі ұлын спорт секциясына жаттығуға алып кеткен. Анасы үш жастағы баласын ұйықтатып жатқан. Жатын бөлмеде жалғыз қалған қыз қалтасына қайшыны салып, ұялы телефонының камерасын қосқан. Кейін жаттығудан келген ағасы қыздың өлі денесін тапты.