АҚШ тұрғыны Powerball деп аталатын лотореядан 560 миллион доллар ұтып алса да, оны алу үшін қажетті мәліметтерді көрсетуден бас тартты деп жазады The Washington Post.
Ендігі кезекте жеңімпаз әйел ұтысты сот арқылы анонимді түрде алуға ниет білдіріп отыр. Осыған сәйкес ол сот құжаттарында өзін Джейн Доу деп көрсеткен.
Кенеттен ұтысқа кенелген миллионер әйел ұрылардың құрбаны болудан қорқады екен. Сол себепті өз есімін жасырын ұстауды жөн санапты. Қорғаушысының айтуынша, әйел кез келген жерде емін-еркін жүргісі келгендіктен осындай қадамға барған.
Ал, басылымның мәліметінше, бұл аталмыш ойынды танымал етудің меркетингтік айласы екен. Қазіргі таңда әйел ұтыс билетіне қол қойып үлгерген. Ал, қолының өзгеруі ұтыстың жойылуына әкеледі.