Өзбекстандық әнші Сардор Мамадалиев Ақтөбеде автобуста өртеніп кеткен 52 қандасына арнап клип түсірді. Видео youtube порталында жарияланған.
«52 жерлесімнің рухына арналады» деп аталатын әнде қайғы жұтқан әр отбасының жай-күйі бейнеленеді. Нәпақа үшін шетел асқан шейіттердің артында қалған балалары, аяғы ауыр келіншектері, тіпті, кейбірінің үйленеміз деп сөз салған сүйіктілері қалған.
Еске салайық, 18 қаңтар күні таңертең Самара-Шымкент тасжолында жол апаты болып, жолаушыларға толы автобус жанып кеткен еді. Өрт кезінде 52 адам қаза болып, 5 адамды күйік шалған. Олардың үшеуі Қазақстан, екеуі Өзбекстан азаматы.