$ 494.87  520.65  4.91

Дәрігерлер зәр орнына шай өткізген "емделушіге" диагноз жазып берген

Арменияның Масис қаласында аурухана директоры Нунэ Аванесян зәр анализі ретінде шай өткізген. Соған қарамастан зертхана мамандары оған анализінің нәтижесін шығарып беріпті. Ол мұндай қадамға қоластындағы дәрігерлерді тексеру үшін барғанын айтып отыр.

 "Мен осыған дейін түрлі атпен өз қанымды тапсырып, түрлі нәтиже алдым. Сосын зертханаға зәр анализінің орнына бір шыны шай тапсырып көрдім. Сенесіздер ме, дәрігерлер маған анализ «қорытындысын» шығарып берді. Онда қанның құрамындағы барлық жасуша компоненті: эритроцит, лейкоцит, эпителия бар болып шықты", – дейді бас дәрігер.

Оның айтуынша, зертхананың ұқыпсыз қызметкерлеріне бірнеше рет ескерту жасалған. Бүгінде ол 15 қызметкердің 8-ін жұмыстан шығарыпты. Олардың барлығы бұрыннан істеп келе жатқан «мамандар» екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары