Гуандун провинциясының (Қытай) орталығындағы автомобиль жолында жер ортасына ойылып түсіп, салдарынан бірнеше адам қаза тапты деп жазады CGTN.
Қайғылы оқиға 7 ақпан күні сегіз жолақты автомагистральда болған. Опырылған жол өзімен бірге 11 адамды жұтып алды. Олардың 8-нің мәйіті табылып, үшеуінен еш хабар жоқ. Сондай-ақ, 9 адам құтқарылған.
Шұңқырдың тереңдігі 7 метр шамасында, ал көлеміне 2 баскетбол залы сыйып кетеді.
Алдын ала ақпарат бойынша, жердің опырылуы ағып жатқан құбырдың жарылуы салдарынан болған. Құбырдан аққан су алдымен жолдың астындағы метроның құрылымын зақымдаған. Содан жер ойылып түсті деген болжам бар.