Алматыда Сүйінбай мен Богдан Хмельницкий көшелерінің қиылысында Lexus GS 300 автокөлігі бағанаға соғысып, жүргізушісі ауруханада көз жұмды деп хабарлайды СТВ телеарнасы.
Куәгерлердің айтуынша, аталған көлік солтүстік бағытқа қарай аса жылдамдықпен қозғалып, бетон бағанасына соқтығысқан. Салдарынан жүргізушісі көлік салонында қысылып қалыпты.
Оқиға орнына полициямен бірге құтқарушылар келіп, автокқліктің қаңқасын кесу арқылы жүргізушісін алып шыққан. Аса ауыр халде ауруханаға жеткізілген ер азамат көп ұзамай қайтыс болды.