Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон өзінің немере інісін Душанбенің орталық аудандарының біріне прокурор етіп тағайындады.
Рахмон Умеджон Нуриддин - президенттің үлкен ағасы Нұриддин Рахмоновтың баласы.
Бұған дейін Эмомали Рахмон өзінің ұлы Рустам Рахмонды елдің жемқорлыққа қарсы ведомствосына басшы етіп тағайындаған болатын. Ал, қызы Озода Рахмон сыртқы істер министрінің орынбасары. Күйеу баласы Джамолоддин Нұралиев болса Тәжікстан ұлттық банкі басшысының орынбасары.
Жалпы, Эмомали Рахмонның 9 баласы бар: екі ұл мен жеті қыз.