$ 498.34  519.72  4.85

Бердібек Сапарбаев соңғы қоңырауға қатысты

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бүгін Астанадағы №3 гимназияда соңғы қоңырауға қатысып, мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тіледі.

Айта кетейік, аталған оқу орны Астанадағы ең көне мектептердің бірі. Оның тарихы 1940 жылдан басталады. Ол кезде Ақмола қалалық депутаттар кеңесі атқару клмитетінің қаулысымен №3 ерлер мектебі болып құрылған болатын.

Бүгінгі таңда №3 гимназияның базасында заманауи 3 жоба сынақ ретінде жүзеге асырылып келеді. Олар: 12 жылдық білім беру, үш тұғырлы тіл саясаты және e-learning электронды білім беру жобасы.

Айта кетейік, биыл Қазақстанда 124 мыңнан астам түлек мектеп бітіріп жатыр. Олардың 87 770-і ҰБТ науқанында бақ сынап, жоғары оқу орындарына түсуге үміткер атанады. Сонымен қатар, 4 498 түлек "Алтын белгі" алуға үміткер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары