$ 498.34  519.72  4.85

Ресейде құлаған ұшақта қаза тапқандардың бірі қазақ болған

Ресейдің Орынбор облысының билігі 12 ақпанды аза тұту күні деп жариялады деп мәлімдейді Today.kz

Орынбор облысы үкіметінің сайтында губернатор Юрий Берг қайтыс болғандардың отбасына қайғырып, көңіл айтты. 

"Осынау ауыр трагедия ондаған орынборлықтың өмірін жалмады. Ауыр минуттарда орынборлықтан өзінің жақынын жоғалтқандармен бірге қайғыруда. Біз сүйікті жанын жоғалтқан бірде-бір адамды жалғыз қалдырмаймыз. Орынборлықтар ауыр минуттарда әрдайым бірге, бүгін біз үлкен қайғыны бірге бастан өткерудеміз. Жерлестеріміз мәңгі жүрегімізде қалады!", – делінген хабарламада. 

Естеріңізге салайық, Ан-148 әуежайдан ұшып шығып, бірнеше минуттан кейін құлады. 71 адам қайтыс болды. Оның ішінде үш бала бар, алдын ала болжам бойынша олардың жасы 17, 13, 5-те. 

Алдын ала ақпарат бойынша, ұшақ бортында бір ҚР азаматы бар. Сондай-ақ құлаған ұшақта ресейлік қазақ Темірлан Ақназаров та болған.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары