$ 447.4  477.55  4.76

Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева Олимпиада қоласын жеңіп алды

Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева Қазақстан қоржынына тұңғыш медальды салды деп мәлімдейді ҚазАқпарат.

Ал үздік алты спортшының арасында алғашқы болып жарыс жолына шыққан отандасымыз 77.40 ұпай жинады. Бұл нәижесі оны Олимпиаданың қола жүлдегері атандырды.

Фристайл

Могул, финал

  1. Перрин ЛаффонФранция   78.65
  2. Жюстин Дюфур-Лапуант Канада   78.56
  3. Юлия Галышева     Қазақстан     77.40

Айта кетейік, Юлия Галышева финалдық кезеңнің бірінші бөлігінде өз тобында сәтті өнер көрсетіп, финалдық екінші кезеңге өткен болатын. 

Еліміздің жанкүйерлері үлкен үміт күткен Юлия қыз іріктеу кезеңінде 76.36 ұпай жинап (7 орын), финалға жолдама алған болатын. 

Ол алғашқы финалдық кезеңде 75.10 ұпай жинап, тағы да 7-ші орынға табан тіреді.

Айта кетейік, Юлияға Пхёнчханда қазақстандық жанкүйерлер қолдау білдіруде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары