$ 494.87  520.65  4.91

Желіге Саакашвилиді арнайы жасақтың шашынан сүйреп тұтқындап жатқан видеосы жарияланды (ВИДЕО)

Грузияның бұрынғы президенті және Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвилиді арнайы жасақ тұтқындағаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қоғам белсендісін шашынан сүйреп тұтқындап жатқан видеосы Youtobe видеопорталында жарияланды.

Видеороликте 5-6 адамнан тұратын арнайы жасақтың мейрамханаға баса көктеп келіп, Саакашвилиді қолын қайырып, шашынан сүйреп алып кетеді.

Еске салайық, Саакашвили Украина президенті Петр Порошенкоға қарсы оппозициялық топтың жетекшісіне айналған. Бірнеше рет сотқа да тартылды. Украина билігі Саакашвилиді Януковичтің "қылмыстық тобына қатысы бар" және "Ресейдің Киевке қарсы арандату жоспарының бір бөлігі" деп айыптайды. Грузия президенті болып тұрған кезінде Ресеймен қарулы қақтығысты бастан өткерген Саакашвили бұл айыптаулардың саяси астары барын бірнеше рет мәлімдеген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары