$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда медицина қызметкері көшеде ер адамды сабап тастады (ВИДЕО)

Алдын ала мәлімет бойынша, видеода көрсетілген уақытта жедел жәрдем қызметкерлері Суворов көшесінде болмағаны айтылады деп жазады NUR.KZ.

Дәрігерлердің айтуынша, мамандар жағдайды анықтау үшін оқиға орнына барған.

Камера Суворов көшесіндегі №8 үйдің кіреберісінің үстіне орнатылған. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі медицина саласының өкілдері оқиға болған маңда болмағанын айтады.

«Біз GPS-пен тексеру жүргіздік, сондай-ақ ол уақытта ауысым болып жатқан. Интернетте тараған оқиғаға қатысушылар медициналық қалдықтар үшін медициналық мекемеге келіп жатқан жеке компанияның қызметкерлері болып табылады», – деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Бұл сұмдық оқиға Hue Telegram желісінде жарияланған.

Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша тексеру жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары