$ 494.87  520.65  4.91

Қиындықтан қол ұстасып өтеміз: Әнел мен Марленді үлкен сынақ күтіп тұр (ФОТО)

XXI ғасырдың Қозы мен Баяны атанған қос жұптың махаббаты көпшілікке аян. 7 жыл бойы төсекке танылған Әнелдің жанынан бір елі алыстамай, көзінің қарашығындай қорыған Марленнің ерлігін бүгінде жұрт өнеге қылып айтып жүр. Қос ғашық бұған дейін түрлі сынақты жеңіп келген болса, бұл жолы да қиындықтан мойымай өтетіндеріне сенімді. Бүгін болатын операциясы жайлы Әнел күні кеше ғана өзінің Instagram-парақшасына жазды.

Әнел бұған дейін өзіне операция жасалатынын айтқан еді. 4 күн бұрын ауруханаға түскен бойжеткен анализ қорытындыларын қолына алып, бүгінгі сынаққа дайындалып жатқанын жазды.

«Қайырлы кеш, достар! Қалайсыздар? Маған ертең операция жасалады. Аллаға алғысым шексіз. Қиын күнде жанымнан табылған достарыма рахмет. Әлі-ақ барлық қиындықтан қол ұстасып өтеміз, жаным»,  – деп Марленге деген шексіз махаббатын да жеткізіп үлгерді.

Желі қолданушылары бір ауыздан оның еміне шипа тілеп, операцияның ойдағыдай өтуіне тілеулес екендерін жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары