14.02.2018, 11:21

Алматыда көлік аялдамаға соғылып, автобус күтіп тұрған әйел сол жерде мерт болды (ВИДЕО)

Алматыда көлік аялдамаға соғылып, автобус күтіп тұрған әйел сол жерде мерт болды. Куәгер видеоны Instagram желісіндегі kris_p_almaty паблигіне жариялады.

Куәгердің айтуынша, оқиға Райымбек пен Розыбакиев қиылысында орналасқан аялдамада болған. Mersedes жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолына шығып кетіп, аялдамаға соғылған. Салдарынан 1 әйел қайтыс болды. Ал 2 жаралы адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

Тегтер: Алматы өлім ДТП