$ 498.34  519.72  4.85

Флоридада жас жігіт мектепке шабуыл жасап, 17 адамды атып өлтірді (ВИДЕО)

АҚШ-тың Паркленд қаласындағы (Флорида штаты) мектептердің бірінде атыс болып, 17 адам қаза тапты. Тағы 14 адам жарақат алған деп хабарлады CNN телеарнасы.

Полицияның хабарлауынша, оқ жаудырған 19 жастағы жігіт ұсталыпты. Ол бұрын осы мектепті бітірген Николас Круз есімді азамат екен.

Жергілікті шерифтің айтуынша, 12 адам мектептің ішінде өлген. Қылмыскер тағы үш адамды аулада атып өлтірсе, екі адам ауруханада көз жұмыпты. Үш адамның жағдайы аса ауыр халде.

Куәгерлердің айтуынша, Николас Круз алдымен өрт дабылын көтерген екен. Ғимарат ішінде оқушылар абыр-сабыр күйге түскенде ол оқ жаудырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары