$ 447.4  477.55  4.76

Апатқа ұшыраған Мәскеу ұшағында тағы бір қазақстандық болған

11 ақпанда Мәскеуден Орскке бағыт алған Ан-148 ұшағы, бірнеше минуттан соң радардан көрінбей, апатқа ұшырады. Ұшақта болған 71 адам қайтыс болды.  Олардың арасында 31 жастағы Евгений Илинов болған. Ол Орск қаласынан Ақтөбедегі ата-анасына бара жатқан екен деп жазады Диапазон.

«Саратов әуе жолдары» ұшағы 14: 24-де «Домодедоводан» Орскке ұшып кетті. Ұшақта экипаждың 6 мүшесі және 65 жолаушы, оның ішінде 5, 12 және 17 жастағы үш бала бар. Ең қарт жолаушы 79 жаста болған. Апатқа ұшыраған ұшақ жолаушылардың көбі Орынбор облысының тұрғындары.

«Соңғы рет Евгенийді 5 жыл бұрын көргенмін. Екеуміз Ақтөбеден Москваға дейін бірге ұшып барғанбыз. Өзі жақсы жігіт болатын. Әуеде ұшқанды армандайтын. 2004 жылға дейін екеуміз бір мектепте оқыдық. Кейіннен, Петербургке кетіп, техникалық универитетті бітірді. Өте сыпайы, әдепті, білімді жігіт болды. Мақсатына жетпей қоймайтын. Қараңыздаршы тағдырды. Аспанды армадаған бала, әуеде опат болды», – дейді Ақтөбе жас пилоттар мектебінің ұйымдастырушысы Александр Курбанов.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары