Қарағандылық жігіт әйелді сабап тастаған. Бұл сәт түсірілген видео Instagram желісіндегі esil.media парақшасында жарияланған.
Онда жігіттің өзімен өзі тұрған қызды арқадан келіп ұрып, құлатып тастағаны анық көрінеді. Онысымен қоймай, ол жерде жатқан қыздың киімін тінти жөнеледі.
Парақшадағы ақпараттар бойынша 26 жастағы ер адам қыздың ұялы телефоны мен ақшасын алып кеткен. Полиция оқиға болғаннан кейін 3 сағаттан соң ер азаматты қолға түсірген.