$ 498.34  519.72  4.85

Балабақшаға апарма! Үш жасар қыз өлетінін сезген

Қайғылы оқиға 16 ақпанда Мәскеуде орын алған. Тәрбиешісі белгісіз себеппен ұмытып кеткен үш жасар балақай қаза тапты. 

Қаза тапқан балақайдың әкесі Нияз Рзаевтың айтуынша, қызы соңғы уақыттарда балабақшаға апармауды өтінетін болған. Ол қызының қалай қаза тапқанын айтып берді.

«Сол күні жұмыста едім. Маған балабақшадан хабарласып, келуімді өтінді», - дейді.Балабақша қызметкерлері баланың сыртта ойнап жүріп құлап, есінен танып қалды деген.

Осыған дейін кішкентай қыз әкесіне балабақшадағылар өзін ренжітетінін, барғысы келмейтінін айтатын болған. Нияз балабақшаның басшылығына ескерткенімен, олар барлығы дұрыс дегеннен әріге бармаған.

«Қызым сәл ерке болатын. Бірақ ол ақкөңіл, тез тіл табысатын. Денсаулығы да жақсы еді. Үнемі түрлі көйлек киіп, «ханшайыммын» дейтін еді», - деп еске алды қызын Рзаев.

Айта кетейік, Нияздың үш жасар балақайдан басқбір ұл, бір қызы бар.

Дереккөз: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#өлім #бала #микс