Алматының өрт сөндірушілері жексенбі күні таңертең ірі өртті сөндірді деп мәлімдейді қалалық ТЖ департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
18 ақпан күні сағат 07:29-да құтқарушыларға Алмалы ауданы, Гайдар көшесі, 107 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Айта кетейік, бұл ғимаратқа жақын жерде "Тастақ" базары орналасқан.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына сегіз минуттан кейін келген.
Жалын 290 шаршы метр аумаққа шарпыған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Дереккөз: Sputnik Қазақстан