Елімізде алғаш рет «Бала Түрквижн» байқауы ұйымдастырылмақ. Аталған ән сайысына 8 бен 13 жас шамасындағы жеткіншектер қатысады.
«Алматы» телеарнасының таратуы бойынша, үздік көрінгендер гранд-финалға жолдама алып, ТМД мен Қазақстанның үздік ұстаздарынан тәлім алу мәртебесіне ие болады.
«Менің ойымша, ең біріншіден балаларға өздерінің өнерлерін паш етуге, бізді елді ғана емес бүкіл елде, түркі әлеміне паш етуге мүмкіндік береді. Жеңіске жету үшін балаға дұрыс ән таңдау керек. Өйткені бала өте дарынды болуы мүмкін, бірақ материалды дұрыс таңдамаса, өнерін дұрыстап көрсете алмайды»,- деді «TURKVIZYON-2014» халықаралық байқауының жеңімпазы Жанар Дұғалова.
Халықаралық жобаға іріктеу 4-ші маусым мен 10-шы тамыз аралығында жүргізіледі. Отандық жұлдыздар еліміздің барлық аймағынынан жас таланттарды іздейді. Айта кетейік, финалда өнер көрсететін жеңімпазды қазылар алқасы мен көрермендер дауыс беру арқылы анықтайтын болады.