$ 494.87  520.65  4.91

Еркек адам шиқылдамайды: Ерболат Құдайберген Димаштың даусын сынап тастады

Көптен бері ел назарынан тасада болған рэпер Ерболат Құдайберген қазіргі қазақ эстрадасына қатысты пікірін білдірді. Ол аты әлемге танылған Димаш Құдайбергеннің бейдәстүрлі дауыс иесі екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Зарина Мүсілімнің “Сөккен әңгіме” бағдарламасына берген сұхбатында айтты деп жазады Stan.kz.

Алайда Ерболат тегі өзінікімен бірдей Димашты сыйлайтынын атап өтті.

«Димаштың орындау шеберлігі дәстүрлі емес, бірақ ол бізді әлемге танытып жатыр. Табиғат бойынша еркек адам шиқылдамайды. Еркектің даусы тенор болу керек. Мысалы, Димаштың даусы сопрано. Ол таңғаларлық жағдай. Тарихқа жүгінсек, 2-3 ғасырда бір туатын балаларда болатын дауыс”, – деп түсіндірді ол.

Мақтан тұтамын, бірақ оның әндерін тыңдай алмаймын! Ерболаттың Димаш туралы пікірі осындай.

“Мен оны бауырым деп, тегіміз бір деп қанша сыйлағаныммен, оның әндерін күнделікті тыңдай алмаймын. Димаш тыңдайтын әнші емес, байқаудың әншісі. Шетелге апарып көрсететін, мақтан тұтатын әншілердің бірі. Бірақ мен Димаштың әндерімен оны тойға шақырмас едім», – дейді Құдайбергенов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары