Қостанайлық полицейлер 35 жастағы жергілікті тұрғынды іздеп жатыр. Ол баласын мектепке апарып, әрі қарай жұмысқа барар жолда ізім-ғайым жоғалған.
Ербол Кәкімовтің әйелі Татьяна Миненконың айтуынша, оның жолдасы 15 ақпан күні үйден шыққаннан кейін кері оралмаған.
«Жолдасым қаладағы №4 мектеп маңында жоғалып кеткен. Баланы мектепке апарып, таяу маңдағы жұмысына баруы керек еді. Бірақ, оны әріптестері де көрмеген. Телефонын көтермейді. 15 ақпан күні кешке әлеуметтік желіге кіріпті. Менің жазғандарыма жауап берген жоқ. Арамызда ешқандай ұрыс-керіс болған емес», - дейді Татьяна Миненко.
Ербол Кәкімов Қостанай онкологиялық диспансерінде реаниматолог, анестезиолог болып жұмыс істейді. Жоғалып кеткен күні үстінде қара куртка, көк джинс шалбар болған. Сондай-ақ, өзімен шағын қара сөмке алып жүреді деп жазады Қазақпарат.