28.05.2015, 18:00

11 жасар бала Нобель сыйлығына үміткер

e-islam.kz/

Танишк Абрахам есімді 11 жасар индус бала әлемдегі ең ақылды бала. Ол 7 жасында жоғары оқу орнына түсіп, 4 жыл ішінде математика, физика және шет тілі мамандығын игеріп шыққан, деп жазады e-islam.kz.

Халықаралық Менса ассамблеясы Танишкті 4 жас кезінде-ақ, өз қатарына қосып үлгерген. Аталмыш Ассамблея ақылы, қарым-қабілеті жоғары дамыған азаматтарды тіркеумен айналысып, бүгінде 80 елде өз жұмыстарын жүргізіп келеді. Сондай-ақ, бүгінде Ассамблеяда әлемнің әр түкпірінен жиналған 100 мыңнан астам азамат тіркелген.

Қазіргі таңда Танишк физика ғылымы бойынша АҚШ үкіметіне қатысты НАСА агенттігіне (Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармаға) үлкен ғылыми жоба дайындап жатыр. Алдағы уақытта Нобель сыйлығына қол жеткізу үшін біршама басқа да ғылыми жұмыстармен айналысып жатқанын айтып кетті.