Осыдан бір апта бұрын ауруханаға жатқан Әнел операцияның сәтті өткенін айтты. Десе де, жүйке жүйесінің әсерінен сол қолын сезбей қалған.
«Кеш жарық, достар! Қалайсыздар? Телефон ұстамаймын. Сіздердің хәл сұраған қоңырауларыңыз бен хаттарыңызды естіп жатырмын. Рахмет көп-көп. Ал операция сәтті өтті. Жайлап жүре де бастадым. Тек өкініштісі – сол қолымды сезбеймін. Дұғада болғандарыңыз үшін рахмет», – деді ол.
Айта кетейік, Әнел мен Марленнің махаббаты қазір көпке аян. Хәл үстіне жатқан сүйіктісінің жанынан жылдар бойы бір елі алыстамай, қолдаушысы болған Марленді жұрт бүгінгінің Қозысы деп атап кеткен. Олар бұған де дейін операциядан сәтті өтіп, Әнел жазылып шықса, үйлену тойын жазда жасаймыз деп мәлімдеген еді.