$ 494.87  520.65  4.91

Түрік болсам да, қазақ қыздарының түріксымақтарға тиюіне қарсымын – Оғыз Доған

Оғыз Доған көпке қазақ тілінде қызмет көрсетпеген «Air Astana» әуе-компаниясымен соттасып, жеңіп шыққан азамат ретінде танымал. Ол facebook-парақшасына өзі түрік ұлтынан бола тұра қазақ қыздарының түрікке шығуына қарсы екенін ашық жазды.

«Түрік болсам да, қазақ қыздарының түріксымақтарға тиюіне қарсымын. Қазақ – бүкіл түркінің көшбасшысы болады. Сақтануы керек!», – деді ол желідегі жазбасында.

Айта кетейік, соңғы кездері әлеуметтік желілерде қазақ қыздарының өзге ұлт өкілінің етегін ұстауы көп айтылып жүр. Тіпті, кейбір жігіттердің көшеде шетелдікпен кетіп бара жатқан қандас қарындастарының абыройын төгіп, қол жұмсаған да жағдайлар болды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары