Жаңалықтар 20.02.2018 сағат 08:44

Ақтөбе облысында 6 жасар бала басына мұз құлап мерт болды

Ақтөбе облысында ойнап жүрген алты жасар баланың басына мұз құлап кетті деп жазады "Мой Город" порталы. Салдарынан кішкентай бала қайтыс болды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қайғылы оқиға 17 ақпан күні Ырғыз ауданының Ақши ауылында болған. Мектепке дейінгі даярлық тобында оқитын бала су жирнауға арналған мұнараның астында ойнап жүрген екен. Сол сәтте мұнарадан үшкір мұз құлап, сәбидің басына тиіпті. Ол оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

"Кішкентай бала бас сүйектен алған ауыр жарақаты салдарынан оқиға орнында қайтыс болды" деп хабарлады Ырғыз аудандық ауруханасының дәрігерлері. Әзірге оқиға туралы өзге ақпарат жоқ.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар