Биыл автонарықта бағалар қалай өзгерді? Көліктердің жағдайы қандай? Осы сұрақтарға жауап алу мақсатында журналист әрі блогер Олжас Оқас Алматының автобазарына барып, арнайы зерттеу жасады.
«Мінекей, Цефиро (Ниссан). Оң жақтағы рөлімен. Бағасы – 1 млн 200 мың. 1995 жылғы көлік. Былай сыртқы жағдайы жаман емес сияқты. Кеттік ары қарай. Мынау Mitsubishi RVR. 1995 жылғы. 900 мың теңге сұрап тұр», – деп журналист 30-ға жуық көліктің бағасын көрсетіп шықты.