$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстау облысының ардагерлері тегін емделуге мүмкіндік алды

Маңғыстау облысының барлық 61 ардагері тегін медициналық тексерілу мен емделуге құқық беретін сертификаттарға ие болды. Оны аймақтағы кәсіпкерлер палатасы мен Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы медициналық фирмалар тапсырды.

Кәсіпкерлер палатасының өкілдері аймақ бизнесмендерімен бірлескен бұл жобаға «Ұрпақтар алығысы» деген атау берді. Бизнесмендер ардагерлердің тұрмыстық мәселелерін шешуге кірісті. Олар тиісті көмек көрсетуге дайын екендерін айтты.

«Ниет білдіргендерді біздің еркіндігіміз үшін күрескен жандарды қолдауға шақырамыз», - деді Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Жаңбырбай Доспаев.

Ардагерлер мұндай қамқорлыққа дән риза.

«Біз 90 жастан астық. Денсаулығымыз мықты деп айта алмаймын, сондықтан да бұл біз үшін маңызды сыйлық. Бір топ маман денсаулығымызды тексерді. Қамқорлыққа бөлеп жатқандары қуантады, әрине», - деді Ұлы Отан соғысының ардагері Анна Морозова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары