$ 444.22  476.38  4.82

Айжан Байзақова операция төсегіне жатты

Атышулы Айжан Байзақова өзінің istagram-парақшасында операция төсегінде жатқан суретін салып, бет пішінін түзеткісі келетінін айтты.

Байзақоваға иегінің астында көрінер көрінбес салбырап тұратын терісі ұнамайтын көрінеді. Бар болғаны содан құтылмақ ниетте екен.

«Иегімнің астыңғы жағын тарттырмақпын. Нәтижесімен кейін бөлісемін. Осындай ой сіздерді де толғандырып жүрсе, дереу косметологқа барыңыздар», –  деді ол жазбасында.

Айта кетейік, Айжан Байзақова бұған дейін операция арқылы төсі мен ернін үлкейтіп алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары