Жаңалықтар 22.02.2018 сағат 06:46

Шымкенттегі саяжайдан ер адамның бөлшектелген денесі табылды

Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжай аймағынан ер адамның бөлшектелген мәйіті табылды деп жазады Nur.kz. Қазіргі таңда оқиға орнында полицейлер жұмыс істеуде.

Мәйітті қоқыс тазалап жүрген коммуналды шаруашылық қызметінің мамандары қоқыстың арасынан тауып алған. Ер адам шамамен 45-50 жаста. Оның кім екені әлі белгісіз.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу-тексері жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар