Дүниеге келе салысымен өмірімен күрескен Оразәлі Кореяға емделуге бара жатқан жолда көз жұмды. Анасы бұл туралы өзінің Instagram-парақшасына жазды.
"Бүгін таңғы сағат 5-те Сеулге санавиациямен ұштық. Жолда Оразәлінің жағдайы жақсы болды. Бірақ қонуға 20 минут қалғанда баламыздың жүрегі тоқтап қалды. Реаниматолог мамандар қолынан келгенінің барлығын жасап бақты. Ал Оразәлінің жүрегі қайта соқпады. Сағат 9:40-та ол қайтыс болды. Біз үйге қайтып келеміз. Менің кішкентай періштем, біз сені өте қатты жақсы көреміз", – деп жазған анасы.
Оразәлі Үтжанов апластикалық анемия мен Пирсон синдромына шалдыққан еді. Баланың бүйрек қызметі де нашарлап кеткен.
Қазақстандықтар Оразәліні аман алып қалу үшін жаппай жылу жинап, оның сауығып кетуін тілеген болатын. Бұл суыт хабар көптің көзіне жас үйірді.