$ 494.87  520.65  4.91

Дубайда демалып жүрген қазақ қыздарын жұрт жезөкше деп ойлап қалған

Дубайда демалып жүрген қазақ қыздарын көпшілік жөзекше деп қабылдаған. Оқиға алматылық блогерлерлер Топашева Адина мен Динара Рахымбаеваның басынан өткен. Қыздарға Rolls Royce-қа мініп, ең жақсы караоке-барға баруға ұсыныс жасалған.

Бұл туралы Топашева Адина Instagram желісінде бөлісті.

"Жақында Динара екеумізге бірге "қыдыруды" ұсынды, есесіне Rolls Royce-қа мініп, ең жақсы караоке-барда демалу және тағы сол сияқты...», – деді блогер.

Сонымен қатар, бойжеткен эскорт қызметін ұсынатын қыздарға өкпесін де жасырмады. Айтуынша, олар еркектерді қыздарға тоқал ретінде қарауға мүмкіндік беріп жатыр.

"Жігіттер, сендер естеріңнен адастыңдар ма? Бәріне бірдей қол жеткізгілерің келеді. Қазір қыздар сендердің "лас" көмектеріңсіз-ақ шетелде демала алады", – деп жазған Адина.

Айтуынша, ол бұл туралы жариялауды ойламаған. Дегенмен, сөз соңында шыдамының жетпегенің айтты. 

Дереккөз: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары