31.05.2015, 18:00

Маңғыстау облысында жемқорлыққа қарсы семинарлар өтті

Сурет, egemen.kz

Маңғыстау облысының орталығы – Ақтауда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті мемлекеттік мекемелерде семинарлар өткізуде. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұған дейін Ақтау қаласындағы колледждерді аралап, студенттермен кездесу өткізіп, сыбайластықты болдырмау жөнінде әңгімелеген департамент қызметкерлері енді Маңғыстау облысының құрылыс басқармасы, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, сондай-ақ, жер қатынастары басқармаларында мемлекеттік қызметті өткеру мен мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты семинарлар өткізді.

Семинар барысында аумақтық департаменттің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Қ.Байгебаев іс-шараның мақсаты, департамент қызметінің басым бағыттары, мемлекеттік қызметті өткеру, мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін бағалау методикасы, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Президенттің халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары бойынша түсіндіріп өтті.

Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Е.Жұмабайдың Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша баяндамасы  тыңдалды. Сонымен бірге, департаменттің жаңа жұмыс бағыттары – талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды. Семинарда Агенттіктің ресми www.anticorruption.gov.kz сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған www.1494.kz порталының, 1494 Call-центрінің жұмысы бойынша және республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

Қазақстан ТМД елдерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің заңнамалық базасы мен жүйесін бірінші болып жасауға кірісті.

Біздің мемлекетімізде сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған негізгі нормативтік құқықтық акт - Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы қабылданды, сонымен қатар Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы жасалып, ол қоғам өмірінде сәтті түрде жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысының бұл мәселеге қатысты бірнеше Жарлықтары қабылданды. Бұдан да бөлек Елбасы Н.Ә. Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында бұл мәселеге ерекше тоқталатынын да айтсақ болады.

Жалпы, сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады. Ол экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді, еліміз үшін пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы басты кедергілердің бірі болып табылады.

Әсіресе, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік органдарында қауіпті болып есептеледі. Бұл жағдайда ол мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдауда беделін түсіретін өкілеттілігінің және қатаң құқықтық есеп берудің, шенеуніктерді қадағалаудың жоқтығынан биліктің монополияға айналуына әкеліп соқтырады. Ол еліміздің, қоғамымыздың және жекелеген азаматтардың мүдделеріне көп зиян келтіреді.

Сондықтан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі» деп атап көрсеткен болатын.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы «сыбайлас жемқорлық» деп ұғынылады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы ең пәрменді заңдардың бірі болып табылады. 

Бүгінгі таңда бұл заң осы бірнеше жыл ішінде жоғары маңызға ие болып, мемлекеттік қызметшінің күнделікті пайдаланатын оқу құралына айналып отыр. Заңның ең басты құндылығы, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптен сақтауға, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, тыю және ашу жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.  Өз кезегінде барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы салық органдарының жұмыс барысында аса маңызды құжат екені айқын. Жалпы салық органдарын ел экономикасының «күретамыры» деп ауыз толтырып айтуға болады. Міне, мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды тетігі болып отырған салада да сыбайлас жемқорлықпен күрес басым бағыт ретінде белгіленуі тиіс және солай жасалып та отыр. Қазіргі уақытта еліміздегі бұл салада барлық заңдар заман талабына икемделіп, кәсіпкерлердің республика аймағында еркін әрі ашық түрде жұмыс атқаруына қолайлы жағдай туғызылып отыр.  

Бостандық ауданы бойынша салық басқармасы Мемлекеттің экономикалық саласының бір тармағы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске баса көңіл аударып отыр. Осы жағдайлармен күрестің тиімді  нәтижесі салық қызметі органдарында жемқорлық құқық бұзушылықтарды бұлтартпау және оны болдырмау жөнінде кешенді шаралар қабылдауды талап етеді. Осы орайда біздің басқармада сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша жұмыс істейтін комиссия мүшелерінің қатысуымен   жиындар өтіп, құқық қорғау органдарымен ынтымақтасып, өзара іс-қимыл әрекеттері жандандырылды. Сонымен қатар мекемемізде салық төлеушілер үшін семинарлар, кездесулер, «дөңгелек үстел» жиындарын өткізу, БАҚ-та материалдар жариялау арқылы түсіндірме жұмыстары дәстүрлі түрде жүргізіледі. Ал «Нұр-Отан» халықтық демократиялық партиясының Алматы қаласы Бостандық аудандық филиалымен бірігіп жеке тұлғалар және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тұрақты қолға алынған.  

Жалпы, қоғамдағы қандай да болсын келеңсіздіктің  алдын алуды әрбір азамат өзінен бастаған жөн деп есептеймін. Бұл ретте, мен өзін отанымыздың патриотымын деп есептейтін әрбір замандасыма айтарым, еліміздің биік белестерді бағындыруы, мемлекетіміздің 50 дамыған елдердің қатарына кіруі сынды асыл мұраттарға қол жеткізуіміз біздің отан алдындағы еңбегімізді адал атқаруымызбен тікелей байланысты.

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері он жылдың ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көрністерінің азаюы байқалады.

Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі-парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді, заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды. Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді.

Бүгінгі таңда әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерелеу үрдісі жылдан жылға өсе түсуде. Парақорлықпен елімізде көбіне-көп қолында билігі бар, шешім шығаруға, бөліп бергізуге өкілеті жететін қызметкерлерінің айналысып отырғанын көресетіп берді. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігінің шегінде өздерінің кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті деп көрестілген.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтармен айналысуының негізгі себептері мыналар болып табылады: -мемлекеттік қызметшілердің құқықтық білім дәрежесінің төмен болуы; -құқық бұзушылыққа немқұрайды қарайтын, қызметтік тәртібі төмен кейбір мемлекеттік органдар; -кейбір мемлекеттік қызметшілердің мемлекет мүддесін емес, өзінің жеке басының жайын күйттеуі; -кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы заң талаптарын орындау жөніндегі жұмысының мардымсыздығы;

Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің үддесінен шығатынымыз сөзсіз.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың белгісімен іс қозғаудың бір негізі-азаматтардың арызы. Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті, Қандай да болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдары. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік 50 мемелекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.

Жемқорлық – қызметтік лауазымды пайдалана отырып, оны жеке мүддеге пайдалану. Жемқорлық, әсіресе мемлекеттік органдарда қауіпті. Тәжірибе көрсеткендей, жемқорлық мемлекеттік басқару жүйесін бұзады, экономиканың дамуына шектеу қояды, әсіресе экономика саласында ұйымдасқан қылмыстың өсуіне мүмкіндік береді.

Алайда, көп жағдайда азаматтардың өзі лауазымды қызметкерлердің осындай қадамға баруына себепші болады. Сондықтан да, заң бойынша «алушыға» ғана емес, «берушіге» де жауапкершілік артылған.

Мемлекеттік құрылымдардың қандай әрекеттері жемқорлыққа жатады?

Басқа мемлекеттік органдар, мекемелердің жұмысына заңсыз жолмен араласу;

Қызметтік лауазымды пайдалана отырып, жеке басының не туыстарының материалдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу;

Мемлекеттік қызметке заңда белгіленбеген басымдықтарға ие болып өту және өсу;

Шешімді дайындау мен қабылдау барысында біреуге заңсыз жолмен басымдық беру;

Кәсіпкерлік қызметті не басқа табыс әкелетін саланы жүзеге асыруда заңда белгіленбеген кез келген әрекетпен көмек көрсету;

Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру барысында алынған ресми жариялануға жатпайтын ақпаратты жеке мүддеге пайдалану;

Заңда жариялауға рұқсат етілген деп бекітілген ақпаратты беруден бас тарту, оны кешіктіру, жалған не толық емес ақпарат беру, заңда жариялауға тиістігі бекітілмеген ақпаратты жеке және заңды тұлғалардан талап ету;

Жоғары тұрған ресми тұлғаларға қызметтік емес ілтипат көрсету не сый жасау (әдепті және қонақжайлылық бойынша жалпы қабылданған нормаларға сәйкес символикалық ықылас көрсету, символикалық кәдесыйлар тарту, сонымен қатар, ресми және хаттамалық шараларды өткізуді қоспағанда);

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңдық мүдделерін қанағаттандыруға тосқауыл болу;

Мемлекеттік немесе осыған теңестірліген қызметі үшін жеке тұлғалар мен мекемелерден ақшалай, қызметтік және басқа формада сый алу.

Прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдары, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы және әскери полиция жемқорлық заң бұзушылықтарды айқындау, тоқтату, ескеру және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартумен айналысады. Сіз аталған органдарға жемқорлық қылмысы мен әкімшілік заң бұзушылық жөнінде өтінішпен шағымдана аласыз. Белгіленген мерзім ішінде сіздің өтінішіңізге жазбаша жауап келеді, өтінішіңізді қарастырудың қорытындысы жария етіледі.

Егер сіз жемқорлықпен күресте жәрдем көрсететін болсаңыз, онда сізге қол сұғылмаушылыққа байланысты мынандай мемлекеттік кепілдіктер тағайындалады:

егер сіз жемқорлық заң бұзушылық фактісі бойынша хабарлассаңыз немесе жемқорлықпен күресте жәрдемдессеңіз – онда мемлекет қорғауында боласыз;

егер сіз жемқорлықпен күресте жәрдемдессеңіз, онда сіз туралы жеке ақпарат мемлекеттік құпия болып есептеледі, тек прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдары, салық, кеден қызметі, шекара полициясы мен соттың сұрау салуы бойынша ғана жария етіледі. Бұл ақпарат жария етілсе, заңда бекітілген жауапкершілікке тартылады;

егер Сіз жемқорлықпен күресте жәрдемдессеңіз, қажет жағдайда, жемқорлықпен күресті жүргізіп жатқан органдар сіздің жеке қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуі керек.

ҚР Экономикалық және сыбайластық жемқорлықпен күрес Агенттігінде жемқорлық фактілерін хабарлайтын тұлғаларды қорғау департаменті жұмыс жасайды. Қажет болса, тұлғаларды қорғау барысында құпия іс жүргізуге, олардың мекен-жайы, тегін, мен тіпті бет-әлпетін өзгертуге де мүмкіндік бар.

Жасалған жемқорлық заңбұзушылық жөнінде сіз Экономикалық қылмыстар мен жемқорлықпен күрес Департаментінің сенім телефоны – 144, сонымен қатар, әр мемлекеттік органдардағы сенім телефондары арқылы хабарласа аласыз.

Жоғарыда аталған кепілдіктер жалған ақпарат берген тұлғаларға көрсетілмейді.

«Ең бастысы — әрбір мемлекеттік құрылыстың жанындағы істі, лауазымды тұлғалар пайдаға батпайтындай етіп қою керек». Бұл пікірді антикалық дана Аристотель айтқан. Ол уақыттан бері екі мың жарымдай жыл өтті, бірақ ең зұлым әлеуметтік жауызыдық – сыбайлас жемқорлықты құрту адамзаттың әлі де қолынан келмеді.

«Сыбайлас жемқорлық» түсінігі (латынша corruptio) — пара беруді, өзінің қызметтік дәрежесінің лауазымды тұлғасын жеке баю мақсатында тікелей пайдалану деген мағынаны береді. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тарихы 1992 жылдың басынан басталды – «Қылмыстың ұйымдасқан түріне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 17.03. 1992 ж. № 684 Жарлығы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің әртүрлі тәсілдері мен жолары бар: алдын ала сақтандырудан өте тиімділікке дейін. Шет елде АҚШ-та 60 – 70 жылдары орын алған және «Шейх» операциясы атымен тарихта қалған. ФРБ агенттері «ақша қаптары» шығыс атын жабылып әрекет ететіндер ірі шенеуніктердің, конгрессмендердің, штат губернаторларының кеңселері мен кабинеттерінде пайда болды және оларға пара беріп, адалдықтарын және сатқындықтарын тексерді. Сол жолғы жанжал әсерлі болды, көптеген адамдардың өз мансаптарын тастауға, жоғары дәрежесі лауазымдарымен қош айтысуларына тура келді.

Бүгінгі күні Сингапур мен Гонгконгте қылмыс үшін жазалағаннан, ең дұрысы оның алдын алу принципі бойынша әрекет етеді. Бұл елдерде алдын алу шараларына тіреу етіледі. Оның үстіне сыбайлас жемқорлыққа айыпталушыға кінәсідік презумциясының принципі қолданылмайды, ол өзінің кіріс көздерін түсіндіруге міндетті. Германия мен Францияда сыбайлас жемқорлықпен ұсталғандар 6 жылдан 10 жылға дейін сотталуы немесе пара сомасынан екі есе көп айыппұл төлеуі мүмкін. АҚШ-та осындай қылмыс үшін жазалау мерзімі 5 -жыл бас бостандығынан айырады (немесе 10 мың долларға дейін айыппұл). Жапонияда жеті жыл түрме.

Ең қатал жаза қазіргі Қытай елінде қолданылады. 1980 жылдардың басында қатаң экономикалық қылмыс жасалған үшін Қытай қылмыстық кодексінде «ату баптары» күрт көбейді. Қазір Қытайда сыбайлас жемқорлықтық үшін өмірлік сотталу немесе өлім жазасын алуға болады. Оңтүстік Кореяда сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық туралы хабарлаған адамға, анықталған сомадан пайыздық ақы төленеді. «Табысты хабарлаушылардың» көпшілігі – бұзушылықтардың әріптестері. Жаңазеландиялық үлгі, мемлекеттік органдар қызметкерлері еңбекақысының жоғарылығымен сипатталады. Бонустар мен мадақтау жүйесі кең қолданылады.

Әлбетте, сыбайлас жемқорлықтық мәселені бірден шешіспейсің. Бірақ бұл жерде тоқтап қалуға да болмайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шын мәнісінде, бөлек пара алушыларға қарсы күреске қарағанда әлде қайда кең. Қылмыстық қудалау немесе заңнаманы жетілдіру шараларымен ғана жағдайды өзгертуге болмайтыны ойландырады. Ауруды, оның себептеріне әсер ету арқылы ғана жазасың. Керісінше жағдайда, біз бірыңғай оның нышандарын алуға душармыз. Осы күресте ең бастысы, қоғамдық институттармен максималды қызмет істеген кезде ғана табысқа сене аламыз.

Заңнамада, сот практикасында және құқықтық әдебиеттерде «қылмыс» ұғымымен қатар бір мәндес ретінде «қылмыстық қол сұғушылық» ұғымы да жиі қолданылады. Бұл кездейсоқ емес адамның белгілі бір жүріс-тұрысы бір нәрсеге қол сұққандықтан ғана қылмыстық ретінде танылады, қоғамдық қатынастарға залал келтіреді немесе залал келтіру қауіпін тудырады.

Қылмыстың субъектісі әрбір қол сұғушылықтың жасалуындағы ажырамас элементі болып табылады. Сонымен қатар кез-келген қоғамдық қатынастар емес, тек әрекет ететін қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар ғана қылмыс объектісі ретінде бағаланады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2 бабында оның міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын , бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін , қоғадық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасның конституциялық құрлысы мен аумақтық тұтастағын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықпен қорғау, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін қорғау болып табылатындығы бекітілген. Қылмыстық қол сұғушылықтың объектісін дұрыс түсінудің үлкен практикалық маңызы бар. Ол қылмыстық әрекеттерді қылмыстық емес әрекеттерден ажыратуға мүмкіндік жасайды, себебі қылмыстық-құқылық қорғаудың объектісі болып барынша маңызды қоғамдық қатынастар танылады.

Біз жұмысымыздың алдынғы тарауында қылмыстық құқық теориясында қылмысты саралауды құрам элементтері объекті, объективтік жағы, субъект және субъективтік жағы бойынша жүргізу қабылданғанын айқындап айтқан болатынбыз. Қылмысты объектісі бойынша саралауды әңгіме етуден бұрын және саралау процессінің өзіне өтудің алдында тек төмендегі жағдайлардың орындалысының барысында ғана жетістіктерге қол жеткізу мүмкін екендігін ескеру қажет.

А) Жасалған қоғамдық қауіпті әрекеттің фактілік мән-жайлары, қылмыстың жалпы құрамының төрт элементі объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы бойынша жүйеленеді және топтасырылады яғни аталған құрам, нақты қылмыстық құрамдарды танудың, олардың мазмұнын ашу үшін теоретикалық негіз қызметін атқарады.

Б) Жасалған іс-әрекетпен барынша ұқсас болып табылатын нақты құрамның заңды белгілері ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптары да аталған төрт элемент бойынша жіктеледі.

Тек логикалық заңдарын, оның категорияларын және тәсілдерін пайдалана отырып жүзеге асыру және дұрыс жасау мүмкін болады, себебі қылмысты саралау адамның ой еңбегінің, күрделі танымдық процесстің ой қорытудың жемісі болып табылады.

Қылмыстық заңнама өзінің нормаларымен қоғамдық қатынастарды қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғайды. Кез-келген қылмыс қоғамдық қатынастарға қол сұққандықтан қоғамға тұтастай қауіп төндіреді. Сонымен қатар қоғамдық қатынастар дегеніміз адамдар арасындағы қатынастар және адам аталған қатынастардың қатысушысы болып табылады. Сондықтан адамның жеке басына, меншікке, қоршаған ортаға қол сұға отырып қылмыскер осы құндылықтармен байланысты қоғамдық қатынастарға да қол сұғады. Қылмыстық құықтың көптеген теоректиктерінің пікірінше қол сұққаны үшін ҚК-те Жауапкершілік қарастырылаған қоғамдық қатынастар қылмыстың объектісі болып табылады.

Басқаша айтқанда қылмыскер неге қол сұқса, не нәрсе қылмыстық заңмен қорғалса неге залал келсе немесе залал келуі мүмкін болса қылмыс объектісі дегеніміз сол болады. А.Н. Трайниннің айтуынша «Еш нәрсеге қол сұқпайтын қылмыстың табиғатта болуы мүмкін емес». Бұл аксиома – дәлелдеуді қажет етпейтін айқын шындық.

Қылмыстық-құқылық теорияда қылмыс объектісінің үш мүшелік жіктелуі қабылданған (жалпы, топтық, тікелей).

Уақыт өте келе бұл пікір Б.С. Никифоров, Е.А. Фролов және М.И. Федоровтармен сынға ұшырады. Олардың алғашқы екеуі оқулық және ғылыми әдебиеттерде тікелей объект топтық объектімен қосылып кетеді деп негізді түрде санады. М.И. Федоров керісінше – объектілерді сыныптау барысында олардың санын азайтуды жақтады. Оның ойынша қылмыстың жалпы объектісі ұғымынан тіптен бас тарту қажет себебі ол ешқандай мазмұны жоқ қоғамдық өмірдің құбылысы болып ғана табылады. Сондықтан криминалистер үшін жалпы объект ешнәрсе бермейді және қылмыстық юстицияда ешқандай маңызға ие болмайды.

Объектілерді сыныптау мәселесінде Н.И. Коржанскийдің ұстанған позициясы назар аударарлық жай. Ол Б.С. Никифоров пен Е.А. Фороловтың объектілерді сыныптаудың үш мүшелік жүйесімен келіспей оны жарамсыз деп санайды және объектілерді сыныптаудағы өз үлгісін ұсынады.

Атап айтқанда Н.И: Коржанский жазған «қылмыс объектілерін вертикал бойынша сыныптау төрт сатыға ие болады: 1) жалпы объект (…құқық тәртібі – қоғамдық қатынастардың бүкіл жиынтығы); 2) топтық объект (қоғамдық өмірдің бір өрісін құрайтын біртектес қоғамдық қатынастардың жеке тобы – меншік, жеке адам); 3) түрлік объект (бір түрдегі қоғамдық қатынастар – өмір, жеке меншік); 4) тікелей объект (нақты қоғадық қатынас – И.И. Ивановтың өмірі, Е.Е. Егоровтың жеке меншігі т.б)»./24/

Бұдан байқайтынымыз жалпы, топтық және тікелей объектілер сыныптаудың үшмүшелік үлгісіндегіге ұқсас. Алайда қылмыстың жаңа объектісі түрлік объект енгізілген.

Қылмысты объектісі бойынша саралау басқа элементтері бойынша саралау сияқты, бірінші кезекте аталған элементке кіретін белгілерді анықтау қажет, олар іс-әрекетті саралауға қалай ықпал етеді және қандай маңызға ие, яғни әрбір қылмыстық әрекет объективтік және субъективтік ерекшеліктері бар әртүрлі белгілерге ие болады, алайда олардың барлығы бірдей қылмыс құрамының тиісті белгісі болып табылмайды және қылмысты саралау үшін маңызға ие болмайды.

Қылмыстық-құқықтық саралауды жүргізу процессінде қол сұғудың жалпы объектісін анықтау жасалған құқыққа қарсы әрекет құқық бұзушылықтың қай тобына жататындығын анықтауға бағыттылған.

Қылмысты саралау барысында қол сұғушылықтың топтық объектісін анықтаудың маңызы жоғары. Ондай жағдайда нақты тұлғаға жасаған іс-әрекеті үшін қолдануға қажетті ҚК-тің нормасын Қылмыстық кодекстің өн бойынан іздеуге тура келмейді.

Топтық объектіні анықтау ҚК-тің Ерекше бөлімінің ішінен ұқсастықты табу қажеттілігін, теңдестіруді білдіреді. Кейбір құрамдарда топтық және тікелей объектілер ұқсастыққа ие болады. Мысалы ұрлықта олар меншік, бұзақылықта қоғамдық тәртіп болып табылады.

Қылмыс объектісінің маңызы мынада, оның көмегі арқылы басқа жағынан ұқсастығы бар іс-әрекеттерді ажырату мүмкін болады. Мысалы судьяны қорлау әділсот органдарының қалыпты қызметіне қол сұғу ретінде ҚК-тің 342 бабы арқылы жауаптылықты туындатса, ал өкімет өкілін қорлау басқару тәртібіне қол сұғу ретінде 320 бап бойынша жауапқа тартылады. Келтірілген мысалдан топтық объектіні анықтау барысында қылмыстан жәбірленуші тұлғаның кім болғаныныңда маңызға ие екендігін байқауға болады.

Қылмыстық қол сұғушылықтың топтық объектісін анықтауда қылмыс субъектісінің белгілері де аз рөл атқармайды. Мысалы, денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру ҚК-тің 104 бабы бойынша жауаптылыққа тартылады. Бұл жағдайда қылмыстың топтық объектісі болып жеке тұлға табылады. Бір әскери қызметшінің екіншісіне қатысты жасаған нақ сол әрекеттері ҚК-тің 370 бабы бойынша жауаптылықты туындатады, аталған жағдайда әскери қызметті өтеу тәртібіне қол сұғу орын алады. Ендеше өзара ұқсастығы бар көрсетілген қылмыс құрамдары топтық және тікелей объектілері бойынша айырмашылықтарға ие болады. ҚК-тің Ерекше бөлімінде осындай ұқсас құрамды қылмыстар аз емес.

Тікелей объектіге қатысты айтсақ оны анықтау ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті тарауының ішіндегі қылмыстарды ажыратуға бағындырылып және қызмет атқарады.

Көп жағдайларда әледе қандай қылмыс құрамын сипаттау барысында объекті ретінде қоғамдық қатынастар емес, олардың материалдық көріністері немесе қоғамдық қатынастарға түсушілердің белгілі бір құндылықтары және солар әлде қандай қылмыс құрамының тікелей объектісі болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі қылмыстың нақты құрамын түсіну үшін, бұзылған қоғамдық қатынастардың мәнін, іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін анықтау үшін маңызды мәніске ие болады.

Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың тікелей объектісін негізгі, қосымша және факультативтік қылып айырып, бөледі. Бұл өмірдің нақты талабынан туындайды:

көптеген криминалды әрекеттер немесе әрекетсіздіктер бір уақытта бірнеше объектіге қол сұғады және олар белгілі бір шамада кейде органикалық түрде өзара байланысты. Мысалы бұзақылықта қоғамдық тәртіпке қол сұғу – негізгі объект, азаматтың денсаулығы ар-намысы факультативті объект, қарақшылықтың барысында – меншік негізгі объект, жәбірленушінің денсаулығы – қосымша объект болып табылады. Бұл жағдайда негізгі тікелей объекті әрекетті ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті бабымен саралау үшін бірінші кезекті және шешуші маңызға ие болады. Көрсетілген объектіні анықтау қылмыстық заңмен қорғалатын қатынастардан әлеуметтік – мемлекеттік маңыздылығына сай жүргізіледі, қандай қоғамдық қатынастарға залал келетіндігіне тәуелді болады және берілген қылмыстық әрекетпен қоғамдық қатынастардың қай түріне әрқашан залал келтіретіндігі есепке алынады.

Қосымша және факультативтік объектілердің арасындағы айырмашылық мынада: қосымша объект екі объектілі (көп объектілі) қылмыс құрамдарында болады, ал факультативтік объекті (бірақ әрдайым емес) жай құрамды қылмыстарды жасау барысында болады. Мысалы әрбір бұзақылық әрекеттің барысында жеке адамға, меншікке қол сұғу бола бермейді.

Қол сұғушылықтың факультативтік объектісі жасалған іс-әрекетті саралауға ықпал етпейді бірақ оның қауіптілігін арттырады және осы қылмыс үшін жауапкершілікті қарастыратын ҚК-тің Ерекше бөлімінің бабының санкция-шегінде жаза тағайындау барысында сотпен міндетті түрде есепке алынады. Объектінің берілген түрі келтірілген залалдың орнын толтыру туралы мәселені қарағанда да ескеріледі.

Кей кездерде қылмыстың объектісін дұрыс анықтау үшін қылмыстық заты маңызды рөл атқарады. Мысалы, дәріханадан дәрілік құраладар ұрланған кезде ең алдымен қандай дәрілік құралдар ұрланғаны жөнінде сұрақ қойылады: наркотикалық дәрілер ме, әлде басқама? Бірінші жағдайда қылмыстың объектісі халықтың денсаулығы (ҚК 260 б.), ал екіншісінде меншік (ҚК 175 б.) болды. Осындай жолмен ҚК-тің көрсетілген баптарындағы қылмыс құрамдары бір-бірінен ең алдымен қылмыстың заты бойынша ажыратылады.

Қылмыстық құқықтың теоретиктерінің көпшілігі қылмыстың затын құрамның факультативтік белгілеріне жатқызады, себебі кейбір қылмыс түрлерін жасау барысында қылмыстың заты қылмысты саралауға ықпал етпейді. Мысалы, ҚК-тің 258 бабы бойынша тағылық ретінде сараланатын әрекеттердің біреуі көліктегі немесе басқа да қоғамдық орындағы мүлікті қасақана бүлдіру саналады. Кінәліні ҚК-тің көрсетілген нормасы бойынша жауаптылыққа тарту мәселесін шешу барысында қандай мүлік бөлінуге ұшырағаны маңызға ие болмайды. Кейбір қылмыс құрамдарында қылмыстың заты тіптен болмайды. Мысалы адам өлтіру, зорлау, жала жабу, сотты құрметтеу, қашқындық т.б.

Қылмыстың заты объектіге не қылмыс құрамының басқа да элементеріне жатқызылмайды. Ол қылмыс құрамының басқа белгілерінің арасында өзіндік орынға ие болады.

Кінәлі тұлға оған әсер ете отырып жеке адамға, қоғамға, мемлекетке, қоғамдық қатынастардың субъектісінің қызметіне залал келтіретін материалдық дүниенің нәрселерінен құралатын қылмыстын заты қылмысты саралауға ықпал ете алады және қылмыстық жазаны тағайындау барысында есепке алынады.

Мемлекетімізде бірегейлі өзекті мәселелердің бірі сыбайлас жемқорлық болып отыр. Сыбайлас жемқорлық тек қана Қазақстанды ғана емес, әлемнің басқа да елдерін толғантқан мәселелердің бірі.

1979 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы және сыбайлас жемқорлық мәселелері жөніндегі аймақаралық семинар (Гавана 1990 ж.) мынадай анықтаманы ұсынды: «Сыбайлас жемқорлық – бұл жеке адамның немесе бір топ адамдардың қызмет жағдайын өз басының мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын заңсыз пайда алуға бағытталуы».

Сыбайлас жемқорлықтың жаңа қарқынмен кең өріс алуы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына келеді. Бір жағынан, іс-шараларды мемлекеттік реттеу дәрежесі көтеріліп, осыған тең орай шенеуніктіктердің билігі күшейе түсті. Екінші жағынан, ірі кәсіпкерлік пайда болып, олар өз мақсатына жету үшін «мемлекетті сатып алуға» кірісті. Дамыған елдерде (Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропа елдерінде) саяси партиялардың маңызы өскен сайын партиялық сыбайлас жемқорлық кең етек ала бастады сыбайлас жемқорлықтың түрі мен формасы көбее түсті;

бірте-бірте болған сыбайлас жемқорлық, жүйелі түрдегі сыбайлас жемқорлыққа айналды;

биліктің төменгі сатысында орын алған сыбайлас жемқорлық биліктің жоғарғы сатысында кездесетін, одан әрі халықаралық сыбайлас жемқорлық сипатына ие болды;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті табысты жүгізіп отырған елдерге Дания, Финляндия, Шведцария, Жаңа Зеландия, Нидерландия, Сингапур, Канада, Австрия, Испания, Жапония елдерін жатқызуға болады.

Міне, осы аталған елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру кейбір ерекшеліктерін осы елдердің үкімет сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп деп қарайды. Сондықтан сыбайлас жемқорлық сырттан төнген және ішкі қауіп ретінде қабылданып соған байланысты онымен күрес көлемді және кешенді сипат алады.

Мысалы, Нидерландыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес өзіне мыналарды енгізеді:

лауазымды тұлғаның жағымды әрекетін көтермелеу жүйесі шенеунікке өз қызметін тиімді де адал орындағаны үшін материалдық тұрғысынан да жағдай жасау;

сыбайлас жемқорлыққа бейім тұратын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға мониторинг жүйесін енгізу және осы жерлерде қызмет ететіндерді қатаң бақылап отыру;

Әлемнің көптеген елдеріндегі жемқорлыққа қарсы күрес қағидаларының бірі – Заң алдында барлық адамдардың теңдігі.

Жемқорлық қылмыс жасаған азаматтар өздерінің әлеуметтік жағдайына қарамастан Заң алдында жауапкершілікте бірдей тартылады. Кытайда мемлекеттік комитеті сыбайлас жемқорлық үшін жаза туралы Қағиданы 1952 жылы қабылдады. Онда сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік туралы нормалардың қылмыстық-құқықтық және қылмыстық істер деп жеке тарау етіп бөлу жеткілікті негізделген. Мысалы, пара алғаны үшін мемлекеттік ұйым айыппұлмен жазаланады, тікелей орындаушы мен ұйымның басшысы жағдайдың ауырлығына байланысты – 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе тұтқындалады. Сыбайлас жемқорлық және парақорлық үшін жазалау мәселелері жеке нормамен реттелген. Егер сыбайлас жемқорлық немесе пара алу кірісінің сомасы 100 мың юаньнен асып кетсе, онда 10 жылға бас бостандығынан айырылады немесе дүние мүлкі тәркіленеді немесе онсыз өмірлік бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіде 13-тарау Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстарға арналған оның, 311-бабында мемлекеттік қызметкер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына, жасаған іс-әрекет (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлікке құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алуы, егер мұндай іс-әрекет (әрекетсіздік) мемлекеттік қызметкер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса, не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс-әрекет (әрекетсіздікке) мүмкіндік жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесе қызметі бойынша жол берсе, мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ал Францияны алар болсақ, параны алғаны, ұсынғаны, парақорлық және парақорлыққа пара беру үшін бірдей жазаланады: 10 жылға түрмеге қамалынады және 1 млн. франк көлемінде айыппұл төлейді. Лауазымдық тұлғаларға лауазымнан босағаннан кейін 5 жылға дейін өзінің капиталымен жұмыс істеуге, жеке кәсіпорындарға кеңес беруге тиым салады.

Шетел мемлекеттерінде жемқорлыққа қарсы заңнаманы күресудің барлық құқықтық құралдарын, яғни қылмыстық-құқықтық қана емес, қолдану жағына қарсы дамып жатқандығы көрініп тұр. Осы елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы пайдалы әрі тиімді озық ұлттық стратегияны жасауға көмектеседі.

Мысалы, Сингапурдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты өзінің жетістіктерімен таңқалдырады. Сыбайлас жемқорлық — қоғам мен мемлекеттің қылмыстық сипат алуы сияқты қауіпті ұғым. Оның жоғары деңгейдегі қоғамдық қауіптілігі — ол мемлекеттіліктің негізін құлдыратып, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді.

Сингапур елі сыбайлас жемқорлыққа қатысты ең «таза» мемлекеттердің қатарында. Сингапур билеушілері, шынымен де, жемқорлықпен күрестің қызмет етіп тұрған және нәтижесін беріп отырған тиімді механизмін жасай білді. Бұл елде жемқорлықпен күрес үздіксіз жүргізіліп отырады. Бұған 1952 жылы құрылған сыбайлас жемқорлық жағдайларын тергеу Бюросы арнайы органының үздіксіз жұмысы дәлел. Бюро мемлекеттік шенеуніктер арасында болған жемқорлыққа қатысты жағдайларды тексеріп, тиісті органдарға қажетті шараларды қолдану үшін хабарлап отырады. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жақын мемлекеттік органдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін басқару жүйесіндегі «әлсіз тұстарын» айқындау мақсатында зерттейді. Егер жемқорлық әрекеттерін тудыратын жағдайлар табылса, Бюро бұл органдардың басшыларына тиісті шараларды қолдануды ұсынады.

Сингапур елінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының басты идеясы «жеке тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекет жасауға мүмкіндіктерін, жағдайларын болдырмауға мейлінше тырысу» болып табылады. Бұл бірқатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымдардың негізінде жүзеге асырылады, мысалы:

мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы жеке секторларда табысты жұмыс істеп жүрген тұлғалардың орташа еңбекақысы көлемінде есептелінеді;

пара беруші де, пара алушы да жақтарға қатаң шаралар қолданылады;

мемлекеттік лауазымдық тұлғалардың мүлкі, активтері, қарыздары туралы жыл сайын тексеруші есеп жүргізіледі;

саяси сатылмайтын көшбасшылардың моральдық беделін қолдау үшін жоғары лауазымдардағы шенеуніктердің жемқорлыққа қатысты әрекеттеріне қатаң түрде қарау;

сыбайлас жемқорлық жағдайлары туралы хабарлаған адамдар жайлы құпия ақпараттарды қатаң сақтау;

шенеуніктерді алмастыру, «кездейсоқ сан әдісі бойынша» жоспарланбаған тексерулер жүргізу;

экономиканы дамыту үшін артық әкімшілік кедергілерді жою;

әр 3-5 жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қатысты жүргізілген шараларға мониторинг, талдау, сараптама жүргізу.

Сингапурдің мемлекеттік қызметі меритократия (жеке еңбегінің жүйесі), бейтараптық, қоғамға есеп беру, адалдық, жемқорлыққа қарсы тәртіптілік негізінде қызмет етеді. Ол халықтың әр арызына мұқият көңіл бөледі. Әр Министрлікте жұмыс сапасын арттырумен шұғылданатын бөлімдер қызмет атқарады. Жұмыс сапасын арттыру мақсаттарының бірі — қызмет көрсету тұтынушыларын 15-20 минуттан артық күттірмеу. Мемлекеттік қызметті дарынды, қабілетті мемлекеттік қызметшілермен қамтамасыз ету үшін, мектеп қабырғасындағы келешегі зор, озық оқушыларды анықтап, оларды оқу барысында қолдап, университеттерге түсу үшін шәкіртақылар тағайындап, шетелдерде оқыту мәселесіне көңіл бөлген. Біртіндеп Сингапурдің мемлекеттік қызметінде ең дарынды әрі қабілетті, білікті мамандар жұмыс істей бастады.

Сингапур ақша саясатына қатаң бақылау қоя білді. Мысалы, сайлау кампанияларында шығындарға қатаң шектеулер қою, жеке министрліктер мен парламент мүшелері үшін емес, тек саяси партиялардың пайдасына ғана қайырымдылық көрсету, үкімет саясатына пара беру арқылы әсер етпек болғандардың әрекеттеріне жол бермеу.

Бұл мәселе төңірегінде қоғамдық пікірді қалыптастыруда, сыбайластық фактілерін әшкерелеуде БАҚ-ның атқарар мәні зор.  Сыбайлас жемқорлықпен күрес — Сингапурдің экономикалық өсуінің басты факторларының бірі. Сингапурдің сыбайлас жемқорлықпен күрес тәжірибесі күшті саяси ерік-жігер мен жалпы қоғам тарапынан түсінушілік пен қолдау болса, жемқорлықтың тамырына балта шабуға болатынын көрсетеді.

Сингапурдың жемқорлыққа қарсы күрес тиімділігін айтқан кезде, белгілі бір шешімге келер алдында, екі бірдей күмәнді мәселенің басын ашып алған абзал.

Біріншіден, Сингапурлық модельді басқа мемлекеттерге көшіріп, қондыра салу ақылға сыймайды, өйткені әр мемлекеттің өзіндік тарихи ерекшеліктері, географиялық, экономикалық, демографиялық және саяси ерекшеліктері бар.

Екіншіден, тағы бір қателіктен сақтандырмаса болмайды, өйткені сингапурлық модель көп қаржылық шығындарды талап етеді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы заң талаптарын орындаудан жалтаруға мүмкіндік бермейтіндей өмірдің сан-алуан жағдайларын қарастыратындай жан-жақты мәселелерді қамтулары тиіс және өзекті мәселелерді қайталай қарастырып, қажетті жағдайда өзгерістер енгізуге мүмкіндік туғызу жағдайы да қарастырылуы абзал.

Мемлекеттік қызметшілер мен саяси көшбасшылар арасында жемқорлық әрекеттерге баруды азайтудың жолдары ретінде олардың жалақылары мен кейбір берілетін жеңілдіктерін жеке сектордың деңгейіне салыстырмалы түрде  қарастырса, осы бағыттағы жұмыстың қомақты жетістігі болар еді. Басқа сөзбен айтсақ, саяси көшбасшы мен мемлекеттік қызметшілердің төмен жалақысы лауазымдық қызметтері мен жауапкершіліктерінің салмағына сәйкес болмағандықтан, жемқорлықтың түрлі сиқырына төтеп бере алмайды.

Бірақ та, мемлекетте экономикалық деңгейдің дамуында белгілі бір алға жылжушылық пен қаржының қосымша көздері болмаса, үкімет бұл қызметшілердің жалақысын көтеруге мүмкіндігі болмайды. Яғни, мемлекеттік сектордың болашағына мемлекеттік қызметшілердің жалақысының төмендігі қолайсыз жағдай тудыруы әбден мүмкін, өйткені, дарынды мемлекеттік қызметшілер жеке кампанияларға жұмысқа кетіп қалу қаупі бой көтереді. Себебі, онда жалақы әлдеқайда жоғары, ал қабілеті төмендер орындарында қалып, мардымсыз жалақыларының өтемін жемқорлық жолмен табуға тырысады.

Тағы бір масыл келтірер болсақ, парақорлық үшін АҚШ-та қылмысты қудалауға пара алушылар ғана емес, пара берушілер де жатады. Пара беруде кез келген азамат жауапқа тартылады. АҚШ-та сыбайлас жемқорлық мәселесімен негізінен этика жөніндегі Сенаттың арнаулы комитеті және өкілдер Палатасының лауазымдық тұлғалардың қызметтік тәртібінің стандарты жөніндегі Комитеті айналысады. Басты үйлестіруші ведомство болып Әділет министрлігі бекітілген

Әділет министрлігінде сыбайлас жемқорлықпен күресумен қылмысты іс басқармасы тікелей айналысады, қылмыстық заңдарды сақтауға бақылауды жүзеге асырады, ашық бизнес және кәсіби одақтарға қосымша кіріс және тиым салынған қызмет түрлерін бүркемелеу үшін ұйымдасқан қылмыстың енуін анықтайды. Сондай-ақ күресте Тексерудің Федеральдық бюросына маңызды рөл берілген [5]. АҚШ–тың көптеген штаттарының қылмыстық кодекстері сыбайлас жемқорлықтың мынадай түрлерін қарастырады:

мемлекеттік қызметкер қызмет бабымен байланысты жеке кәсіпорыннан қаржылай пайда табу;

мемлекет қызметке біреуді тұрғызуға уәде беріп, сол үшін пара алу; жеке тұлғаға немесе кәсіпорынға банктен қарыз алу, үкімет кепілдік берген депозиттерді алу үшін пара алып ұйымдастыру;

Фермерлік борышты ретке келтіргені үшін сыйақы қабылдау;

АҚШ құндылықтар немесе пайда табу үшін жалған құжаттарға ие болуы;

пошта ведомство ісінде жалған мекен жайлар жеке пайдасы үшін пайдалану және алаяқтық жасау;

радио қатынасы және теледидар хабарлары саласында қасақана теріс пайдалану.

Американың заңдары мемлекеттік қызметкердің жанама жалақы табуға шектеу қояды. Жанама жалақы негізгі қызмет жалақысынан 15% аспауы тиіс. Егер мемлекеттік қызметкер қызметте болған кезде өкіметтік лауазымды адам түрінде нақты мәселелерді шешуге қатысса, ал жұмыстан кеткеннен кейін біреудің мүддесін ресми және басқа түрде болсын көздей алмайды. Бұзушылар ақша түрінде айыппұл төлейді немесе 20 жыл бас бостандығынан айырылады. АҚШ сенаторы сонымен қатар оның аппаратында жұмыс істейтін қызметкерлер жеке және заңды тұлғадан сыйлықтарды алуға тиым салған. Сенатордың өз туыстарынан басқа сыйлықтардың да бағасы 300 доллардан аспауы тиіс, ал 75 доллардан аз болса онда ол жарияланбайды. Әдеп туралы заң жеке тұлғаларға іссапар түріндегі сыйлықтарға төлетуге шектеу қойған. Осы шектеулер сенат отбасының мүшелеріне таралады. АҚШ конгресі өкілетті палатасының мүшесіне 1 адамнан 1 жыл бойы 250 доллар салмағында сыйлық алуға болады. Әрбір 3 жыл сайын осы лимит қайтадан қарастырылады. Соның ішінде лауазымды адамдардың әйелдеріне 100 доллар шамасында сыйлық жасаған кезде оны бекітуге тиісті.

АҚШ шетелдік шенеуніктерді параға алуға тыйым салатын «Шетелдік жемқорлыққа қатысты тәжірибе туралы» 1977 жылы заң қабылдаған тұңғыш ел болды.

Қорыта келгенде ататынымыз, сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатында шет мемлекеттердің жетістікке жеткізген тәжірибесін бөлісіп, Қытайдың алған парасының көлеміне қарай бас бостандығынан айыру; Сингапурдың мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы жеке секторларда табысты жұмыс істеп жүрген тұлғалардың орташа еңбекақысы көлемінде есептеуді; мемлекеттік лауазымдық тұлғалардың мүлкі, активтері, қарыздары туралы жыл сайын тексеруші есеп жүргізуді; сыбайлас жемқорлық жағдайлары туралы хабарлаған адамдар жайлы құпия ақпараттарды қатаң сақтау; шенеуніктерді алмастыру, «кездейсоқ сан әдісі бойынша» жоспарланбаған тексерулер жүргізу; АҚШ-тың мемлекет қызметкерлерінің жеке және заңды тұлғалардан сыйлық алуына тиым салу. Міне, осы озық тәжірибелерді мемлекетімізде қолданысқа енгізсек, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстардың санын азайтып, экономикамыз бұдан да әрі көркейер ме еді.