$ 448.15  483.46  4.86

Бүгінгі түнде берекет бар

Бүгінгі түн, яғни дүйсенбіден (1.06.2015) сейсенбіге (2.06.2015) қараған түн – қасиетті Бәрат түні. 
Бәрат түні – Шағбан айының 15-ші түні. Құран кәрім Ләухул махфузға осы түні түсті. Алла тағала ешнәрсе жаратпастан бұрын жарататын нәрселерінің барлығын қалады. Олардың бір жыл ішінде болатындарын осы түні періштелерге білдірді. Бұл кеш – рақымдылық есіктері ашылып, дұғалар қабыл болатын төрт түннің бірі.

 Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Шағбанның он бесінші түні келгенде, түнін ғибадатпен, күндізін оразамен өткізіңдер. Ол түні Алла тағала былай дейді: "Кешірілгісі келетін адам жоқ па, күнәларын кешірейін? Ризық сұрайтын адам жоқ па, ризық берейін? Дертке дауа іздеген адам жоқ па, денсаулық берейін? Кім не қаласа, соны берейін". Бұл жағдай таң атқанға дейін жалғасады.» (Ибн Мажә)

«Бұл түні көктердің есіктері ашылады, періштелер мұсылмандарға сүйінші айтады, ғибадатқа шақырады. Бәрат түнінде көп ғибадат жасаңдар! Әйтпесе қияметте өкінесіңдер.» (Нәсаи, Бәйһақи, А. Мунзири)

«Бұл түні мұсылман туысымен байланысын үзген адам, өзін жоғары санаған және ата-анасына қарсы шыққандар кешірілмейді.»(Бәйһақи)

«Жәбірейіл алейһиссалам маған келді. "Тұр, намаз оқы және дұға ет. Бұл түн – Шағбанның он бесінші түні" – деді. Бұл түнді ғибадатпен өткізгендерді Алла тағала кешіреді. Тек мүшриктерді, сиқыршыларды, палшыларды, сараңдарды, кекшілдерді, мүшахиндерді (бидғатшыларды), ішкілік ішетіндерді, өсім беретіндерді және зинақорлық жасайтындарды кешірмейді.» (Табарани)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары