Алматыда Toyota Camry жеңіл автокөлігінің аударылуы салдарынан көшеде кетіп бара жатқан бір адам қайтыс болды. Бұл туралы СТВ телеарнасы хабарлады.
Жол көлік оқиғасы Саин мен Ұлықбек көшелерінің қиылысында "Нархоз" университетіне қарсы бетте болған. Куәгерлердің айтуынша, Toyota Camry жоғары жылдамдықпен Саин көшесімен жүйіткіп келіп, жол жиегіне, одан кейін металл бағанға соғысып, жаяу жүргіншіні қағып, екі талды құлатып барып аударылып тоқтаған.
Көшеде кетіп бара жатқан ер адам алған дене жарақаттары салдарынан оқиға орнында қайтыс болды. Ал, көлік жүргізушісі мен оның екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Белгілі болғандай, Toyota Camry жүргізушісі бұл сәтте алкогольді ішімдікке мас болған.