$ 449.58  486.94  4.86

Шымкенттік ерлі-зайыптылар автокөліктен ұялы телефон ұрлап ұсталды

Шымкентте ерлі-зайыпты жұп автокөліктің терезесін шағып, ішінде тұрған ұялы телефон мен ақшасы бар қол сөмкені ұрлап кеткен. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

Абай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі арызданып келіп, өз көлігіне ұрылардың түскенін хабарлаған. Жедел іздестіру жұмыстары барысында 35 жастағы ерлі-зайыпты жұп қолға түсіпті. Олар көп созбастан өздеріне тағылған айыпты мойындаған.

Қазіргі таңда ұрлық жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлерімен күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары