$ 443.85  474.3  4.8

Алматы-Бішкек тас жолында екі адам көлік ішінде өртеніп кетті (ВИДЕО)

Куәгерлер Алматы-Бішкек тасжолында өртеніп жатқан көлікті видеоға түсіріп алды. Көліктің жол-көлік оқиғасы салдарынан өртенгені айтылады деп жазады Tengrinews.kz.

«Алматы – Бішкек тасжолында екі көлік бетпе-бет соғысты. Жол апаты салдарынан бір көлік толықтай өртеніп кетті. Зардап шеккендер жайлы айтылмады», – делінген Instagram желісіндегі kris_p_almaty паблигінде.

Куәгерлердің айтуынша, жол апаты 26 ақпанда таңғы сағат 8-де Алматы облысы Отар ауылының маңында болған. Екі көлік соқтығысып қалған. Сондай-ақ, куәгерлер төтенше жағдайдан екі адамның қаза тапқанын айтады. Айтуларынша, өртенген көліктің ішіндегі адамдар қаза болды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары