01.06.2015, 18:00

Ал, басталды!

www.qazaquni.kz

 Бүгін Қазақстанда түлектерді Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды.

Жыл сайын өзгертулер енгізілсе де  кемшіліктен көз ашпай келе жатқан тестілеуге биыл тағы да өзгерістер енгізіліп отыр. Енді тест пен аттестат нәтижелерінің ортақ балы жасалады.

Биыл ҰБТ-ға жалпы 87 мыңнан астам оқушы қатысады деп жоспарлануда. Бұл жалпы түлектер санының 71 пайызы. Олардың ішінде қазақ тілді оқушылар саны 62 мыңнан асады, ал 25 мыңы - орыс тілді.  Айта кету керек, биыл 12 жылдық оқу бағдарламасымен мектеп бітірген оқушылар алғаш рет ҰБТ-ға қатысады. Түлектерге үлкен өмірге жолдама беретін Ұлттық тест 2-8 маусым аралығында өтеді. Республика бойынша 165 пункт жарақталды.