01.06.2015, 18:00

Қытайда алып кеме суға батып кетті

24.kz

Қытайдың шығысындағы Янцзы өзенінде 458 адамы мен экипаж мүшелері бар кеме суға батып кетті.

 Апаттан 1 адам қаза тапқан. Соңғы мәлімет бойынша, 30 адамдай құтқарылған. Аман қалған капитанның айтуынша, теплоход дауылға тап болып, әп-сәтте су астына кеткен. Өзендегі саяхатты туристік фирма ұйымдастырған. Қазір апат орнында құтқару шаралары жүріп жатыр. Жаңбыр мен күшті жел мамандардың жұмыс істеуіне кедергі жасауда.