Астанада жүкті әйелдің анасы қызының қайтыс болуына байланысты перинаталдық орталықтан моральдық және материалдық шығынды өтеп алды деп жазады Tengrinews.kz.
Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Соттағылардың мәліметінше, жүкті әйел 3 ай бойы дәрігерлерден денсаулығының нашар болуына байланысты жүктілікті тоқтатуды сұраған. Алайда дәрігерлердің немқұрайлығынан және функционалдық міндеттеріне деген немқұрайлы қарым-қатынасының салдарынан науқас әйел көз жұмған.
Соттың үкімімен анасына моральдық залал келтірілгені үшін 2 миллион теңге көлемінде, ал материалдық залал үшін 4, 5 миллион теңгеден аса ақша өндірілді.
Сот үкімі заңды күшіне енді.